Ел тынысы

Есіл өзенінде су деңгейі қалыпты – фоторепортаж

Kazinform фототілшісі су басқан жағалау мен жолдарды суретке түсіріп қайтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Көптен күткен көктем Астанаға да келді. Бірақ қар еріген соң Есіл өзені жағалауында судың ұлғаюы байқалды. Өткен аптада күннің күрт жылынуына байланысты лай мен батпақты кезең ұзаққа созылмады. Дегенмен кей жерлерде әлі де күртік қар бар. Есіл өзеніндегі мұз да толығымен еріді, ал су жағадағы жаяу жүргіншілер жолына жайылды» делінген фоторепортажда – «Триатлон саябағы жанындағы жағалау, сондай-ақ Орталық саябақ Астана тұрғындары мен қонақтарының сүйікті мекеніне айналған. Бұл жерлер жылдың кез келген уақытында ерекше тартымды. Көп ұзамай мұнда серуендейтін адамдар көбейіп, музыка және кофе мен тәттілері бар көптеген дүңгіршектер болады»

Ел өңірлеріндегі су тасқыны жағдайында кейбір астаналықтар қала арқылы өтетін Есіл өзеніндегі су деңгейіне алаңдауы мүмкін. Алайда Астананы су басу қаупі жоқ.

Бұл туралы елорда әкімдігі баспасөз қызметінің басшысы Ақмарал Олжабаева мәлімдеді.

«Су деңгейі көтерілмейді, еш қауіп жоқ. Қазіргі су деңгейі де нормадан асқан жоқ», – деп жауап берді ол агенттік тілшісіне.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button