Қала тіршілігі

Есілде кеме жүзу – қалыпты құбылыс

Елордада туризмді дамыту – басты талаптардың бірі. Осы мақсатта 2008 жылдан бері Есіл өзенінде кемелер жүзіп, онымен айналысатын «Есіл-Астана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны құрылған болатын.

Есілде кеме жүргізу жобасы елорданың туристік тартымдылығын арттырып, қаланың сыртқы көрінісін ажарландыра түсу мақсатынан туындаған.
Оған дейін астаналықтардың ешқай­сысы Есіл өзенінде кеме жүзеді деп ойла­мағаны анық. Баршаға мәлім, кез келген жаңа істі бастау қиын. Бір жағынан бұл қала үшін су ресурстарын пайдаланудың жаңа кезеңі болды.
Кеме жүре бастаған алғашқы кездері жалпы сыйымдылығы 125 орындық үш жолаушылар кемесі жұртшылыққа серуендік-экскурсиялық қызмет көр­сетті. Онда қуаттылығы 250 ат күші бар бір сүйреткіш кемесі, бір құтқару катері, жалпы алғанда, флотта барлығы бес бірлік болды.
Ал кеме жүретін учаскесінің ұзындығы 6 шақырымды (Сарыарқа көпірінен бас­тап еспелі каналға дейін) құрады.
Кеме жүру кезінде жолаушылардың қауіпсіздігі ерекше сақталады. Оған арнайы жағдай жасалған.
Ал қазіргі күні Есіл өзенінде 265 адам сыятын алты жолаушылар кемесі, сүй­реткіш кемесі, құтқару кемесі, моторлы қайық жүреді. Кеме жүру жолының ұзын­дығы бүгінде 9,04 шақырымға ұзарды.
Жолаушылар кемелерінде Есіл жаға­лауындағы Астананы көру мүмкіндігі жоғары және адамдардың орналасу жайлылығы да талапқа сай. Жолаушы­ларды отырғызатын жерде билет сататын касса жұмыс істейді, құтқару қыз­меті де бар.
Есіл өзенінде жүзетін кемелер жайлы құлақтандыру материалдары бұқаралық ақпарат құралдарында, атап айтсақ, bnews.kz сайтында, Астана қаласы әкім­дігінің сайтында, темір жол вокзалы мен теледидар экрандарында жарнамалық ролик, жүгіртпе жол ретінде, сондай-ақ қоғамдық көліктерде орнатылған мониторлардан ұдайы көрсетіліп тұрады.
Жұртшылық кемелер туралы әлеу­меттік желілерден де біле алады. Кәсіп­орынның Вконтакте, Facebook, Instagram желілерінде парақшалары бар. Кәсіпорынның өз сайтында да бар.
Кемелердің қауіпсіз жүзуін қамтамасыз ету үшін жыл сайын жол жұмыстары жүргізіледі. Мысалы, навигация белгі­лерін орнату (алу) және қамтамасыз ету. Кеме жүретін учаскеде алғашқы рет был­тыр қосалқы мердігер ұйымдардың күші­мен іздестіру және түпті тереңдету жұмыстары жүргізілді.
Есілдегі кемелер – елорда тұрғындары үшін өзенде серуендеуге, қалалық сая­бақтың табиғи әсемдігіне тәнті болуға, романтикалық кездесу ұйымдастыруға, корпоративтік немесе отбасылық шаралар өткізуге таптырмас орын.
Алайда, кеме жүргізуді дамытудағы көптеген жетістіктерге қарамастан, өзен көлігі саласындағы мамандардың тапшылығы қиындық туғызып тұр.Сондықтан өзге өңірлермен тығыз байланыс орнатуға тура келеді. Атап айтқанда, Семей Көлік колледжімен әріптестік қарым-қатынас орнатылған. Кеме тұрағы үшін порт, кеме жөндеу шеберханасы, кемелерді түсіру және көтеру үшін ауыр көтермелі кран, өндірістік қызметкерлер үшін жабдықталған үй-жай да күрмеулі мәселенің бірі. Бірақ, жұмыс барысында кездесетін осындай қиындықтарға қарамастан, кәсіпорын ең басты мақсаты Есіл өзені арнасында тұрғындарға сапалы сервистік және мәдени қызмет көрсетуге, кеме жүретін жол учаскесінде кемелердің қауіпсіз жүзуді қамтамасыз етуге айрықша көңіл бөледі.. Кәсіпорын бұл, ең алдымен – алға қойылған жоспар, міндет және мақсаттарды орындауда өндірістік процестің маңызды бөлігін жүзеге асыратын адамдар.
Бүгінде кәсіпорында 70 адам жұмыс істейді. Қызметкерлердің кәсіби дең­гейі жоғары. Басқару аппараты қыз­меткерлерінің түгелге жуығы жоғары білімді мамандар. Жалпы мамандардың бәрінде орташа техникалық білімі мен еңбек өтілдері бар. Олардың көбісі Есіл өзенінде кеме жүру басталғаннан бері еңбек етуде. Атап айтсақ, Кеме қызметінің жетекшісі Б.С.Жумин бұрын Ресей теңіз флотының офицері – екінші дәрежелі капитан, қазіргі күнге дейін Астананың өзен флотын басқарады. Е.А.Джакубеков – сүйреткіш кеменің капитаны. Күн сайын өзеннің кеме жүру жағдайын бақылайды, жол жұмыстарын орындайды: навигация белгілерін орнатады және түпті тереңдету жұмыстарында қатысады.
З.К.Алданғаров – Р-118 жолаушылар кемесінің капитаны. Қ.М.Ержанов – моторист-механик және тағы басқалар.
Кәсіпорын құрылған 8 жыл ішінде өз кадрларын оқытып, біліктілігін арттырды. Осылайша, кадрлардың тұрақтамауы 48 пайыздан 3 пайызға азайды.
Жүзу құрамының барлық қызметкерлері алға қойылған міндеттерді лайықты деңгейде орындап, елорда тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіз әрі жайлы су көлігімен тасымалдауды парызы санайды.
Алдағы уақытқа жоспар көп. Кеме жүретін су жолдарының сапалылығын арттыру, жолаушыларды тасымалдау көлемін көбейту, елорданың тұрғындары мен қонақтарына туристік бағыттарды ұйымдастыруға қолайлы жағдайлар жасау, демалушылардың жеке қауіпсіз­дігін сақтау мақсатында кеме жүретін учаскенің полицейлердің үнемі қадаға­лауында болуы секілді жұмыстар бірте-бірте жүзеге асырылып келеді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button