Қоғам

Есірткі қылмысы үшін жауапкершілік кімдер үшін күшейтілді?

ҚР Қылмыстық кодексіне 297-бап 1 ескертпе енгізіледі, онда білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандарға есірткі өткізген ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында есірткі қылмысын жасаған адамдар үшін жазаны қатаңдату көзделеді. Сондай-ақ өздерінің қызметтік өкілеттіктерін пайдалана отырып, есірткінің заңсыз айналымымен айналысатын лауазымды адамдар үшін жауапкершілік күшейтіледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Енді мұндай қылмыс жасағандар үшін 15 жылдан астам мерзімге немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жасазы қарастырылады», – деді ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Бұдан басқа, заңда прекурсорлар мен күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру жөнінде өзге де шаралар қабылданды. Осы мақсатта прекурсорлар мен күшті әсер ететін заттардың, есірткі, прекурсорлар, улы және күшті әсер ететін заттар өндіру үшін пайдаланылатын құралдар мен жабдықтардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді.

«Бұған дейін қылмыстық жауапкершілік тек прекурсорлар контрабандасы үшін ғана қарастырылған еді. Енді Заңмен прекурсорлардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі», – деді спикер.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button