Есірткі сатушыларға жұмыс істеген көп балалы ана ұсталды
Астанада есірткі сатушыларға жұмыс істеген көп балалы ана ұсталды, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/
27 жастағы азаматша балалар арбасымен қыдырып жүрген жерінен қолға түсті.
Белгілі болғандай, әйел жай ғана қыдырып жүрген жоқ, есірткі жеткізушілер мен таратушыларға заңсыз жұмыс істейтін жарнамаларды жапсыру арқылы қосымша табыс тауып отырған.
Полицейлер бейнебақылау камерасын жас ананың күдікті әрекетін байқайды. Ол ғимараттарға, кіреберістерге, шлагбаумдарға, тіпті кондиционерлерге QR кодтары бар жапсырмаларды жапсыріп жүрді. Әйел ұсталып, қамауға алынды.
«Ол телеграм арналарының біріне тіркеліп, куратордан қала бойынша 500-ге жуық стикер жапсыру туралы тапсырма алған. Оған бұл үшін ақша төлеуге уәде етілген, бірақ әйел «икемді кесте» артында қылмыстық әрекеттің жасырылғанын білген», деп хабарлады қалалық полиция департаменті.
Төрт баласы бар күдіктінің үстінен есірткіні насихаттап, заңсыз жарнамалағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары жалғасуда.