Құқық

Есірткі тасыған елордалық ұсталды

Шу-Қордай трассасында Hyundai автокөлігін тексеру кезінде Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынынан 16 келі 730 грамм гашиш тәркіленді.

[smartslider3 slider=291]

Жамбыл облысы Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері құрықтаған 37 жастағы азамат есірткі затын Нұр-Сұлтан қаласына және басқа қалаларға өткізу үшін тасымалдаған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды (аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады). Күдікті кінәсін толық мойындап, Қордай ауданының УҰИ-на қамаққа алынды.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button