Қоғам

Есірткі жарнамаланған граффитилер өшірілді

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері Нұра ауданының әкімдігімен бірлесіп, «Атырау» көпіріндегі есірткі граффитилерін бояп тастады. Шара «Заң және тәртіп» және «Астана – есірткісіз қала» акциясы аясында өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz 

Шара үнемі қаланың ең көп жүретін жерлерінде – саябақтарда, алаңдарда немесе жағалауда ұйымдастырылады. Дәл осындай орындарда қылмыскерлер тыйым салынған заттарды сату туралы жарнамалар жасап кетеді.

«Біз жыл сайын граффитиді жою үшін шығамыз. «Атырау» көпірі мұндай жарнамадан бірнеше рет тазартылған. Жазулары кетпейтін жағдайлар бар. Содан кейін «Біз есірткіге қарсымыз» және басқа да жазуларды трафаретпен бояуға тырысамыз», – дейді елордалық Нұра ауданы әкімдігінің ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы Руслан Сәбитов.

Оның айтуынша, әкімдік қала тұрғындарының есірткі граффитилерінің пайда болуына қатысты шағымдарына жедел жауап береді.

«Жастар арасында есірткіні тарату мен қолданудың алдын алу мақсатында «Астана – есірткісіз қала» акциясы өткізіліп жатыр. Іс-шарамыздың басты мақсаты – қоғамдық орындарды барынша тыйым салынған заттардың жарнамасынан тазарту. Көбіне бұл QR кодтар түрінде болады», – дейді «Астана жастары» жастар орталығының NEET жастар бөлімінің маманы Анелия Нұрхамитова.

Волонтер Дарья Олейникова салауатты болашақ үшін бірлесе күресу маңызды деп санайды.

«Мұндай акцияларға қатысқым келді, өйткені өзгелерге есірткінің зиянды әсерінен қорғау керектігін көрсеткім келді. Сонымен қатар, ортақ іс-шара адамдарды біріктіреді. Біз өзге де қатарластарымызбен осылай танысамыз», – дейді ол.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button