Елорда тынысы

Есірткі жарнамасы бар граффити жойылды

Астанада өткізілген кезекті акция барысында полицейлер мен еріктілер Байқоңыр ауданындағы есірткі жарнамасы бар граффитиді бояды, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

Акцияға Байқоңыр ауданы әкімдігінің, жергілікті полиция қызметі басқармасының, Қаланың есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері қатысты.

Акцияның мақсаты осындай бұзушылықтарды жою ғана емес, сонымен қатар қала мүлкіне ұқыпты қараудың және көшелердегі тазалықты сақтаудың маңыздылығына жұртшылықтың назарын аудару болды. Тыйым салынған заттарды жарнамалайтын Граффити қаланың эстетикалық көрінісін бұзып қана қоймай, жастарға қауіп төндіреді, оларды заңсыз әрекеттерге итермелейді.

Заңсыз жарнаманы бояу бойынша кезекті акция Янушкевич көшесі, 2-ден басталып, Байқоңыр ауданының бірқатар көшесін қамтыды.

«Біз осындай акияларды тұрақты негізде өткіземіз. Акция Астана тұрғындары арасында кең ауқымды пікірге ие болды және көптеген адам алдағы уақытта қалалық кеңістікті жақсарту жөніндегі іс-шараларға қатысуға дайын екендіктерін білдірді. Өкінішке қарай, заңсыз граффити мен жазулар, әсіресе есірткі жарнамасы қаланың сыртқы келбетін бұзып қана қоймай, жастар мен жалпы қоғамға қауіп төндіреді», — деді «Астана жастары» ЖРО қызметкері Сұлтан Өмірғалиев.

Есірткі құралдарының жарнамасын жою бойынша акциялар елорданың барлық ауданында өтеді және жыл соңына дейін жалғасады.

Естеріңізге сала кетейік, «Таза Қазақстан. Астана — тазалық пен тәртіптің үлгісі» экологиялық акциясы аясында қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық кәріздерін тазарту, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ жасыл желектерді күтіп ұстау және отырғызу, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, рұқсат етілмеген полигондарды жою және т. б. жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар елордада Taza Astana жаңа әлеуметтік жобасы іске қосылды. Жоба құқықтық тәртіп, абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау, көппәтерлі тұрғын үйлердің, үй жанындағы, орамішілік және аула аумақтарының кірме топтарының тазалығы мәселелері бойынша жүйелі жұмыс жасауға бағытталған.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button