Құқық

«Esirtkige jol jok»

Астанада «ESIRTKIGE JOL JOK» жобасы аясында 1 068 қылмыс тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 17,5% көп, ал кәмелетке толмаған арасында 7 қылмыс анықталған.  Соның ішінде есірткіні сақтау мақсатында жасалған қылмыс саны – 739, ал оларды өткізу мақсатында – 293 қылмыс тіркелген. Бұл туралы Астана қалалық коммуникациялар қызметі алаңында өткен арнайы брифингте қалалық прокуратураның Басқарма прокуроры Нұржан Аблакимов баяндады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Аталған істерді тергеу барысында жалпы 668 кг есірткі тәркіленген, оның ішінде: мефедрон 256 кг, гашиш 82 кг, каннабис 19 кг және кокаин 48 гр. Жыл басынан бастап қала прокуратурасының үйлестіруімен арнайы жедел іс-шараларды өткізу арқылы 4 есірткі зертханасы анықталып, олар жойылды. Олар синтетикалық есірткіні (мефедронды) өндірумен және таратумен заңсыз айналысқаны анықталған.

-Осындай қылмыстарды алдын алу мақсатында қала прокуратурасы есірткі заттардың жарнамасын анықтау үшін қала аумағын аралап, нәтижелері бойынша граффити жазбаларының 50-ден астам фактісі анықталған. Бұдан басқа әлеуметтік желілер мен «Telegram» мессенджерінің мониторингі барысында тыйым салынған заттарды сату бойынша 118 жұмыс істеп тұрған сілтемелер мен интернет-арналары анықталып, бұғатталған. Есірткіні насихаттау, заңсыз жарнамалау фактілері бойынша 24 қылмыстық іс тіркелген. Сонымен қатар қала прокуратурасының үйлестіруімен уәкілетті органдар арнайы жедел іс-шараларға бастамашылық жасады, ол бойынша есірткіні телеграм мессенджері арқылы сатуды жүзеге асыратын арнайы дүкен анықталды, күдікті адамдар ұсталды, – дейді спикер.

Осындай үйлесімді жұмыстар арқасында аталған дүкен иелеріне шыққан құқық қорғау органдары қызметкерлері олардың өте үлкен мөлшерде есірткіні контактісіз сатумен айналысқанын анықтады. Осылайша, дүкен иелерінен бастап есірткі таратушыларға дейін (закладчиктерге) дейінгі барлық қылмыстық схемалар ашылған. Жалпы, қала прокуратурасының үйлестіруімен 70 мың оқушыны қамтитын 1000-нан астам білім беру мекемелерінде құқық бұзушылық пен нашақорлықтың алдын алу мәселелері туралы іс-шаралар өткізілді. Сонымен бірге биыл 23 маусымда қалалық прокуратура қызметкерлері «Астана-есірткісіз қала!» атты акцияға қатысты. Қазіргі таңда Бас прокуратура «Нашақорлыққа жол жоқ» атты пилоттық жобасын құрды. Есірткіні насихаттау мен заңсыз жарнаманың алдын алу үшін пилоттық режимде «Sergek GROUP» АҚ-мен бірлесіп Sergek VMS-ті енгізумен жоба іске қосылды. Бұл камералар саябақта, қоғамдық жерлерде орнатылып, полиция департаментінің жедел орталық басқармасына ақпарат шығарылып отырады. Аталған алгоритм есірткі жарнамасымен айналысатын және оны тарататын адамдарды анықтап, қылмысты алдын ала кесуге мүмкіндік береді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button