Қоғам

Есірткіге тәуелді 18 мың адам есепте тұр

Елімізде есірткі қылмысына қарсы күрес күшейтілді. Қазір елде есірткіге тәуелді 18 мың адам диспансерлік тіркеуде тұр. Оның 66 пайызы — кәмелетке толмаған жастар, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Бұл туралы Бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев айтты.

Спикердің айтуынша, былтыр 27 тоннадан астам есірткі тәркіленіп, 95 заңсыз зертхана жойылған. Бұл саладағы жұмыстың тиімділігін арттыру үшін құқық қорғау органдарына нақты міндеттер қойылып, олардың нәтижелері тұрақты бағаланып отырады.

Сонымен бірге, телеграм арналар бақылауға алынып, арнайы қызметкерлер бекітілген.

— Қазіргі уақытта арнайы прокурорлар өндірісінде есірткі дүкендеріне қатысты 6 ірі іс қаралып жатыр. Бұл істер бойынша шамамен 50 адам қамауға алынды, олардың 9-ы — түрлі күштік құрылымдардың қызметкерлері. Осы жұмыстардың аясында 3,5 млрд теңге тәркіленді. Оның жартысы криптовалюта түрінде, — деді Т. Тәшімбаев «ҚазАқпарат» ақпарат агенттігінің «Bizdin orta» подкастында.

Бұған дейін Бас прокурордың бірінші орынбасары Қазақстанда бір қолға берілетін SIM-карта санын шектейтін заң әзірленіп жатқанын айтты. Қазақстанда жасалатын қылмыстардың 34%-ы алаяқтық бағытында. Әсіресе, оның тең жартысы — интернет-алаяқтық.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес туралы кешенді жоспар әзірлеуді тапсырған еді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button