Құқық

Есірткімен күрес ұдайы жүргізіледі

       Биыл өткен бес айда Астана қаласының полиция департаменті есірткімен байланысты 528 қылмыстық заң бұзушылықты анықтады. Соның ішінде 173 заң бұзушылық бойынша қылмыстық іс қозғалса, 132 іс есірткі саудасымен айналысатын тұлғаларға қатысты болды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

          Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі Басқармасының аса маңызды істер бойынша аға жедел уәкілі, полиция майоры Әлия Қибатқызының айтуынша, 2022-2024 жылдар аралығында елордада 9 есірткі зертханасы анықталып, жұмысы тоқтатылған.

-Бүгінде Қазақстанда есірткі нарығында қарқынды құрылымдық қайта құру жүргізілуде. Биыл синтетикалық есірткімен байланысты есірткі қылмысының 206 фактісі анықталды. Бұл жұмыста әсіресе қалалықтар белсенділік танытуда. Солардың берген ақпараты бойынша биыл 50 есірткі сайты бұғатталды, есірткі сатудағы интернет-дүкендердің жарнамасы бар граффити кетірілуде. Есірткі тұтынушылар санын азайту мақсатында жастар мен жасөспірімдер арасындағы профилактикалық жұмыстар жандандырылды, – дейді Ә. Қибатқызы.

Сонымен қатар полиция әкімдікпен, басқа да мүдделі органдармен, ҮЕҰ-мен бірге аталған мерзімде 214 профилактикалық іс-шаралар өткізген. «Есірткіі жоқ де» тақырыбымен «Астана жастары» еріктілері, қалалық прокурорлардың қатысуымен кездесулер өткізіледі. Профилактикалық жұмыстар сонымен қатар ЖОО студенттеріне де жүргізіледі.

Ал елімізге келсек, жыл басынан бері алты айда ҚР ҰҚҚ тарапынан есірткі заңсыз айналымымен күрес бойынша 96 операция жүргізілді, соның ішінде 23-і шетел мемлекеттерінің құзырлы органдарымен бірлесе орындалды. Заңсыз айналымнан 1,3 тонна есірткі заттары мен психотропты заттар тәркіленген. Ұлттық қауіпсіздік қызметінің берген мәліметтері бойынша қазіргі таңда 54 Қазақстан азаматы мен шетелдіктерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде. Сонымен бірге Шекара қызметі арқылы халықаралық қатынастағы жолдарды есірткі заттарын алып өтпек болғандардың 200 әрекетіне тосқауыл қойылды.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button