Жаңалықтар

ЕСКЕРТКІШ МОНЕТАЛАР ШЫҒАРЫЛДЫ

монета

Ұлы Жеңістің 70 жыл­дығына орай Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі номиналы 500 теңгелік  және номиналы 50 теңгелік «proof» сапалы ескерткіш монеталарды айналымға шығарды.

Күмістен жасалған 500 теңгелік монетаның сыртқы бетінде Алматы қаласындағы «28 гвардияшы-панфиловшылар» саябағындағы «Даңқ» мемориалының кескіні көрсетілген. Сонымен қатар жеңіс жылын білдіретін «1945» және монетаның соғылған жылын білдіретін «2015» деген таң­балар орналасқан. Айналдыра қазақ және орыс тілінде «Ұлы Жеңіске 70 жыл», «70 лет Великой Победе» деген жазбалар жазылған.

Нейзильбер қоспасынан жасалған 50 теңгелік ескерткіш монета да дәл осы үлгіде дайындалған. Монетаның жоғарғы беткі бөлігінде Қазақстан Елтаңбасы бейнеленген. Одан оңға қарай Ұлттық банктің қысқарған атауы орналасқан. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 теңге» деген жазба және  оның екі жағында ұлттық ою-өрнек элементі бейнеленген. Мемлекеттік тілдегі «Қазақстан Ұлттық банкі» жазуы айналдыра жазылған.

Номиналдық құны 500 теңгелік және 50 теңгелік ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл ай­мағында көрсетілген құнымен төлем­нің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ, банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті. Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақ­талады және айырбасталады.

Тұрмағанбет КЕНЖЕБАЕВ 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button