Руханият

Ескерткіш-тақта орнатылды



Астанада белгілі қаламгер, қоғам қайраткері Ержұман Смайыл
тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш-тақта орнатылды. БАҚ саласындағы Президент сыйлығының тұңғыш лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, кезінде «Egemen Qazaqstan» газетін басқарған Ержұман Смайыл Астана қаласындағы «Самал» шағын ауданындағы үйде тұрған еді.

Ескерткіш-тақтаны орнату рәсіміне «Egemen Qazaqstan» газетінің ұжымы, ардагер журналистер, Ержұман Смайыл­дың отбасы, туған-туыстары қатысты.

– Ержұман ағамыз – «газетчик» ұғымын жоғары биікке көтерген адам. Сол арқылы мамандықтың мәртебесін асырды. Ол прозаға да барған жоқ, басқа жанрларға да қызыққан жоқ, тіпті Ерекеңнің алғашқы кітабы жасы елуден асқанда жарық көрді. Сонда да Ераға ерекше құрметтің иесі болды. Ұйымдастырушылық талантымен, өзгеге болсын деген өзгеше жомарт жүрегімен, жастарға деген қамқорлығымен көзге түсті. Бар өмірін журналистикаға, газеттің қара жұмысына арнаумен өтті. Сөйте жүріп БАҚ саласынадағы Президент сыйлығының тұңғыш лауреаты атанды, –  деді С.Абдрахманов.

Журналистика ардагері Жарылқап Бейсенбайұлы жастар газеті «Лениншіл жасқа» қатар келгендерін, Ержұман Смайылдың келе сала өзінің ұйымдастырушылық қабілетімен, іскерлігімен ерекшеленгенін жеткізді.

–  «Лениншіл жастағы» мықты аудармашылар баспа саласына ауысып кеткен кез еді. Ержұман келе салып, бірден аударма ісін алып кетті. Тіпті мәтінді бірден «диктовка» жасай отырып, аударып тастайтын. Шаршамайтын, талмайтын Ержұман «Егеменде» де қара жұмысты атқарушы еді. Түнімен кезекшілікте болса да, таңертең жұмыста отыратын. Біз соған таңғалатынбыз, – деді Ж.Бейсенбайұлы.

Сенатор Нұртөре Жүсіп Ержұман Смайыл­дың өте сауатты редактор болғанына тоқталса, «Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы Ғабит Іскендерұлы Ер ағаның мінезді адам болғанын, сол мінезінің арқасында елге қадірлі болғанын жеткізді.

 

 


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button