Басты ақпаратМәдениет

Ескі де есті әндер кеші

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының «Сарыарқа» халық музыка ансамблі «Сол бір кез» атты ретро концертін ұсынды.

Ескі болса да, ешқашан ескірмейтін есті әндер кешінде халық әндері, Шәмші Қалдаяқов, Әбілахат Еспаев, Әсет Бейсеуов, Ескендір Хасанғалиев, Жақсыгелді Сейілов, Төлеген Мұхамеджанов сынды қазақтың көрнекті композиторлары мен Исаак Дунаевский, Владимир Шаинский, Александр Зацепин секілді кеңес және орыс сазгерлерінің туындылары шырқалды. Сондай-ақ елге сүйікті фильмдердің әндері мен әуендері қалықтады. Атап айтқанда, «Гүл Алматы», «Анаға сәлем», «Маралдым», «Шақырады көктем» сынды баяғының баянды әндерімен қатар, «Тақиялы періште», «Қызметтік роман», «Кавказ тұтқыны», «Махаббат бекеті» сынды және т.б. сүйікті фильмдердің әндері орындалды.

Кешке Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Естай Мұқашев, Светлана Айтбаева, Азамат Жылтыркөзов, Арайлым Рахым, Мәдениет саласының үздігі Нұрай Танабаев, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары Нұрбол Балапанов, Ақбота Құснадин және басқа да өнерпаздар, «ALEM» заманауи би балеті қатысты.

Кеш қонақтары «Дос-Мұқасан» фильмінде басты рөлдерді сомдаған астаналық «Жастар» театрының әртістері Мейірғат Амангелдин, Елдос Шәйкенов, Саят Мақұлбаев та көрермендерге сүйікті әндерін еске түсірді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button