Елорда тынысы

Ескі үйлердің орны алаңға айналды

Астанада ескі үйлердің орны алаңға айналды, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

Республика күні қарсаңында елордалық Байқоңыр ауданында С.Торайғыров көшесі, 2-үйінің жанындағы аумақта жаңа қоғамдық кеңістік ашылды.

Бұл абаттандыру тұрғындар үшін көптен күткен оқиға болды, бұрын бұл аумақта тозығы жеткен және қираған ғимараттар болған.

Жұмыс барысында 3000 шаршы метр аумаққа асфальт төсеу, ал 2000 шаршы метрге тартан төсеу жұмыстары жүргізілді.

Тұрғындардың ыңғайлылығы мен жайлылығы үшін футбол алаңы, workout-аймақ, беседкалар мен урналар, сондай-ақ сәндік демалыс аймағы жабдықталған. Қосымша үлкен автотұрақ орнатылды. Сонымен қатар жарықтандыру тіректері орнатылып, көгалдандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді.

Салтанатты іс-шара барысында аудан оқушылары концерттік бағдарлама, жаңа футбол алаңында балалар арасында турнир және ересектер арасында түрлі эстафеталар ұйымдастырды.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Астанада барлығы 170 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады. Жұмыстармен қаланың барлық аудандары, соның ішінде тұрғын алаптары қамтылған. Жұмыстың көп бөлігі аяқталды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button