Басты ақпарат

Ескі үй сүріліп, жаңа үй салынды

Елордада құрылысы ұзаққа созылған, 500 үлескер қаржысын салған проблемалы тұрғын үйдің құрылысының бірінші кезеңі аяқталып, пайдалануға берілді. Жақында 135 үлескер пәтерлерін алды. Қазір екінші кезең бойынша жұмыстар қызу жүргізіліп жатыр.

[smartslider3 slider=1232]

 

 «Елордада құрылысы ұзаққа созылған, проблемалы нысандардың бірін аяқтадық. «Территория комфорта-1» тұрғын үй кешенінің тарихы 2004 жылы басталған. Үйді техникалық тексеру барысында ғимараттың апатты жағдайда екені анықталды. Бұрынғы құрылыс салушы техникалық стандарттарға сәйкес келмейтін бетон маркасын қолданған, ал плиталар арасында түйіскен жері сақталмаған. Құрылысшылар айтқандай, бұл үй пайдалануға берілсе, көп ұзамай қирап, тұрғындар астында қалатын еді.

Апатты жағдайдағы көппәтерлі тұрғын үй кешенінің барлық блогын бұзу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Оның орнына жаңа тұрғын үй кешені салынды, ең бастысы – қауіпсіз. Мұнда бас-аяғы 500-ден астам үлескер бар. Үйді аяқтау екі кезеңнен тұрады. Алғашқы 135 үлескер көптен күткен пәтерін алды, олар бұл күнді 17 жыл бойы күтті. Екінші кезең бойынша жұмыс жүріп жатыр.

2019 жылдың жазында қала бойынша барлығы 16 мың үлескер отбасы болған, 2,5 жыл ішінде 13 мың үлескердің проблемасы шешілді. Мәселен, биыл 57 көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталды. Бұл 7 мың үлескердің проблемасын шешуге мүмкіндік берді.

Жаңа 2022 жылы тағы 40 көппәтерлі тұрғын үйді, 2023 жылы 20 көппәтерлі тұрғын үй-донор салуды жоспарлап отырмыз. Осылайша, 2023 жылы елордада құрылысы ұзаққа созылған үйлердің проблемасын толық шешуді жоспарлап отырмыз. Құрылыс жұмыстарының аяқталуы Мемлекет басшысының тікелей бақылауында» деп мәлім етті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов «Территория комфорта-1» проблемалық тұрғын үй кешенінен пәтерлерін алған қала тұрғындарымен кездескен сәтінде.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button