ДенсаулықЖаңалықтар

Ескі вокзалда екпе пункті ашылды

Нұр-Сұлтан қаласында тағы бір вакцинация пункті ашылды. Азаматтарды індетке қарсы вакцинациялауға арналған аймақ Гете көшесіндегі ескі теміржол вокзалында ұйымдастырылды.

[smartslider3 slider=145]

Вакцинация пункті ғимараттың кіреберісінің жанында 1-қабатта орналасқан. Егу пунктінде барлық басқа вакцинация пункттеріндегідей, азаматтардың таңдауына вакцинаның үш түрі ұсынылады. Олар – Спутник, QazVac, Sinofarm. Жалпы  қала бойынша сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері жанында 5 вакцинация пункті орналасқан: «Керуен» сауда ойын-сауық орталығы, «Хан Шатыр», «Азия Парк», «Абу Даби Плаза» және «Евразия» сауда үйі. Вакцинация пункттері медициналық мекемелерде де бар. Барлығы 84 вакцинация пункті, сондай-ақ еңбек ұжымдарын вакцинациялау үшін көшпелі бригадалар жұмысын жалғастыруда.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button