Елорда тынысы

«Естелік тақта» ашылды

Елордада Отан қорғаушылар мен Жеңіс күні қарсаңында «Естелік тақта» ашылды. Шараға Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов, Ішкі істер органдары және Ұлы Отан соғысының ардагерлері, ведомство қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қатысты

[smartslider3 slider=2925]

Мемориалдық кешен Жеңістің 77 жылдығына орай және Отанын қорғап, ерлік танытқан қазақстандық жауынгерлердің құрметіне салынды.

– Осы батыр бабаларымыздың ерлігін әрі қарай бейбіт өмірде жалғастырып, біздің тәуелсіздігімізді нығайтып, халқымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен ардагерлердің еңбегі зор. Мың алғыс айтамын! Сіздердің қызметтеріңізді қазіргі таңда саптағы полиция қызметкерлері жалғастыруда. Бұл – абыройлы қызмет, – деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Ұлы Отан соғысына 1,5 миллионнан астам қазақстандық қатысты. Олардың жартысынан көбі майдан даласынан елге оралған жоқ. 500-дей отандасымыз Кеңес Одағының Батыры атанып, 124-іне «Даңқ» ордені берілді.

– Бұл Ұлы Отан соғысы кезінде елі үшін, халқы үшін жанын пида еткен, өмірін қиған талай қазақ батырларына, қатысқан азаматтардың бәріне, соғыста жеңіске жету үшін тылда еңбек еткен, ерлік жасаған біздің халқымыз үшін қойылған үлкен ескерткіш деп қарастыруымыз керек деп ойлаймын, – деді Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов.

Жиналғандар мемориалға гүл шоқтарын қойып, батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button