ЖаңалықтарҚала мен Сала

ЕСТІ ПОЛИЦЕЙ ЕСЕСІН ЖІБЕРМЕЙДІ

4071c45b4834b141730303f7229

Қазақстан полициясы күніне орай Астана қаласының Ішкі істер департаментінің ұйымдастыруымен Студенттік саябақта мерекелік іс-шара өткізілді.

Аталмыш шараға елорда тұрғындары мен қала қонақтары, полиция жеке құрамы және олардың отбасы, сондай-ақ өнер жұлдыздары қатысты. Келушілер қару-жарақтың түрлерімен қоса, «Робинсон – R44» тікұшағының көрмесін тамашалауға мүмкіндік алды.

Мерекелік бағдарлама аясында кинологиялық қызмет орталығынын мамандары кәсіби машықтарымен таң-тамаша қылды. Қызметтік-іздестіру иттерімен бірге талай қылмысты ашыпты.

Шарада жұртшылық салт атты полицияның атқаратын қызметімен де кеңінен танысты. Жол-патрульдік полициясының кавалериялық взвод қызметкері Ерболат Бегалин кейде көлік жүре алмайтын тар әрі қауіпті аймақтарға осы тұлпарлармен баруға тура келетінін айтты.

Мерекелік кеш шеңберінде кір тасын көтеру, әскери жаттығулар, доп қағу сынды спорт түрлерінен сайыс, шахматтан блиц-турнир өткізілді. Жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бота ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ, студент

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button