ДенсаулықЖаңалықтар

«Eta» штамы қауіпті ме?

Қыркүйек айында Қазақстанда коронавирустың жаңа штамы – «Eta» анықталды.  Денсаулық сақтау вице-министрі Ерлан Қиясовтың айтуынша, бұл штамм республиканың 4 аумағында – Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар облыстары және Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді.

[smartslider3 slider=141]

ДДҰ мәліметі бойынша вирус­тың бұл түрі бақылауды қажет ететін штамға жатады және оның клиникалық көрінісі «Альфа», «Бета» штамдарына ұқсас, сондықтан барлық профилактикалық шараларды сақтау қажет. Нигерия­лық «Eta», үндістандық «Delta» немесе британдық «Alfa» штамының қайсысы қауіптірек деген сауалға вице-министр қай-қайсысы да оңып тұрмағанын айтты. «Қазіргі таңда коронавирус инфекциясының неғұрлым бақылауды қажет ететін 8 түрі бар, Қазақстанда оның төртеуі анықталды: британдық, онтүстікафрикалық, үндістандық және нигериялық штамдар. Оның ішінен үндістандық немесе «Дельта» штамы Қазақстанда маусым айында анықталды және коронавирус инфекциясының басқа түрлеріне қарағанда неғұрлым ауыр өтеді және ағзаға тез тарап, барлық органдарды зақымдайды», деді вице-министр.

Тағыда

Райхан Рахметова

«Астана ақшамы» газетінің шолушысы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button