Жаңалықтар

ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҚТАР ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Парламенттің төменгі палатасына Қазақстан халқы Ассамблеясынан депутат болып сайланған Владимир Божко Астана қаласының этномәдени орталықтарының  жетекшілерімен кездесті. 

Кездесуде ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ассамблея жұмысын жандандырып, оның қызметін қалың бұқараға жеткізудің маңыздылығына мән берді. Депутат Мәжілісте бірегей партияаралық диалогты құру үлгісі ретінде құрылған депутаттық топтың жұмысы туралы айтты. Онда Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаттардан басқа, «Нұр Отан» партиясы, Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы мен «Ақ жол» партиясының парламенттегі өкілдері кіргенін жеткізіп, сайлаушылар талабын жүзеге асырудағы топтың ережемен қарастырылған құқықтарына тоқталды. Соны­мен бірге, этномәдени ор­та­лық­тардың жұмыстарын жандандыру мақсатында Ассамблеяның құрылымдары арасындағы қызметін үйлестіріп, ортақ мүдде үшін бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Түрлі мәдени шараларды, басқа да ауқымды жобаларды іске асыруда «Қайырымдылық, демеушілік және меценаттық қызмет туралы» заңда қарастырылған қаржы­ландыру тетіктерін тиімді пайдалануды ұсынды.
Сонымен қатар, Мәжіліс депутаты этномәдени орталықтары өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, қоғамдық келісім мен бір­лікті нығайтудағы жұмыстарына табыс тіледі.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button