Жаңалықтар

«ЕУРАЗИЯ ЖҮРЕГІНДЕГІ ҚЫЗҒАЛДАҚ БАЛЫ»

IMG_8601

Бүгін сағат кешкі 19:00-де «Radisson Blu Astana» қонақ үйінде «Еуразия жүрегіндегі қызғалдақ балы» өтеді.

Астана қаласының әкімдігі,  Жастар саясаты жөніндегі комитеттің қолдауымен ұйымдастырылып отырған бұл қайырымдылық балының форматы классикалық Вена балының дәстүрінен ауытқымағанмен,  би бағдарламасында, жалпы би алаңының безендірілуінде ұлттық нақыштарымыз кеңінен көрініс таппақшы.

«Астана қаласының  симфониялық оркестрі,  «Астана-Опера» театрының солистері өнер көрсететін балда би билейтін 48 жұп еліміздің түкпір-түкпіріндегі белсенді жастардың қатарынан іріктеліп алынды» дейді ұйымдастырушылар.

Ал,  сұңғақ бойлы, сұлу да көрікті қыз-жігіттердің биіне қазылық етуге бизнес элита, шоу бизнес өкілдері, өнер майталмандары шақырылып отыр.

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button