Жаңалықтар

ЕУРООДАҚ ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚОЛДАЙДЫ

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда ресми сапармен жүрген Еуропалық комиссияның төрағасы Жозе Мануэль Баррозумен кездесу өткізді. Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтас­тық­тың жай-күйі мен перспективаларын қамтитын кең ауқымды мәселелер тал­қы­­лан­ды. Бұған қоса, тараптар халықаралық күн тәртібіне, атап айтқанда, Орталық Азия­­дағы ахуалға назар аударды.
Қазақстан Президенті келіссөздер бары­сын­­­­да Қазақстан мен Еуропа­ Одағы ара­­сын­­дағы серіктестік пен ынтымақтас­тықты ілге­­рі­лету туралы жаңа келісімді тездету туралы уағдаластыққа қол жеткізілгенін де атап өтті.

– Біз азаматтарымыздың белгілі бір санаты үшін визалық режимді жеңілдету туралы сөйлестік. Еуропалық мемлекеттердегі біздің авиакомпаниялардың еркін ұшуына мүмкіндік беру мәселесін қозғадық. Еуроодақ тарапынан Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру үдерісіне қолдау көрсету туралы да сөз болды. Барлық осы мәселелер жөнінде біздің пікіріміз ортақ, біз қолдауға ие болдық, бұл үшін мен Ж.М.Баррозуға ризашылығымды білдіремін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

– Біз ынтымақтастық аясын ке­­ңей­­ту туралы жаңа келісімді қабылдау жө­­нін­­де келіссөздерді аяқтау арқылы өзіміздің қа­­рым-қатынасымыздың жаңа кезеңін ашу ни­­етіндеміз. Бұл құжат анағұрлым кешенді ын­­тымақтастыққа бағытталған. Еуропа Одағы алдағы уақытта да өзара ортақ мүддені біл­діретін барлық саладағы серіктестік аясын кеңейтуге қолұшын беру ниетінде. Серіктестік мен ынтымақтастықты ілгерілету туралы келісім қазір серпін алып отырған біздің қарым-қатынасымызды одан әрі жеделдетуге берік негіз қалайды. Шын мәнінде де ЕО Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің бірі болып саналады, еліміздің тауар айналымының жалпы көлемінің 45 пайызға жуығы оның үлесіне тиеді, ал, екіжақты сауда деңгейі 31 миллиард еуроны құрайды. Және Еуропадағы күрделі жағдайға қарамастан, соңғы жылдары тараптар арасында тауар айналымының жедел өсіп отырғаны байқалуда, – деді Ж.Баррозу.

Еуропалық комиссия төрағасы Қазақ­стан­ның Орталық Азияда өңірлік ынты­­мақ­­тастықты ілгерілетудегі, атап айтқанда, экс­­тремизм, терроризм, есірткі тасымалы, су ресурстарын басқару проблемала­­рын бір­­лесіп шешудегі жоғары рөлін атап өтті. Сө­­зінің соңында Ж.М.Баррозу Қазақстан басшысына ХХІ ғасырдағы сенімді серіктестікке негіз қалайтын мазмұнды және нәтижелі диалог өткізгені үшін алғысын айтты.

Еркежан СӘТІМБЕК

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button