Елорда тынысы

Еурокоптер өз атауын ауыстырды

«Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС өзінің Airbus Helicopters Kazakhstan Engineering-ке ребрендинг жасағаны туралы жариялады, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

Кеше Астана қаласында мекеменің жаңа атауының презентациясына арналған салтанатты рәсім өтті. Оған Airbus вице-президенті Томас Хейн, авиациялық индустрия көшбасшылары, ҚР Мемлекеттік органдары мен бизнес өкілдері қатысты. Бұл кәсіпорынның өсуге және белсенді дамуға дайындығын көрсететін маңызды оқиға.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Airbus Helicopters Kazakhstan Engineering — тікұшақтардың H125, H130, H145 сынды және тағы да басқа бірқатар модельдерін құрастыратын, оларға техникалық қызмет көрсету және мамандарды оқыту бойынша қызметтердің толық спектрін ұсынатын Орталық Азиядағы жалғыз кәсіпорын. Зауыт авиация саласындағы түрлі миссияларды орындайды, Төтенше жағдайлар министрлігін, Қорғаныс министрлігін, Қазавиақұтқару және басқа да ұйымдарды сенімді тікұшақтармен қамтамасыз етеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылы «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Airbus Helicopters компаниясымен бірлесіп Астана қаласында Орталық Азияда тікұшақтарды шығару бойынша алғашқы өндірістік алаң және Қазақстанда тікұшақ экожүйесін қалыптастыру үшін білікті орталық — «Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС-ны құру жобасын іске асырған болатын.

Осы жылдар ішінде мекеме EC145 тікұшақтарын құрастыру цехынан бастап, тікұшақтарды, жоғары білікті техникалық қызмет көрсетуді және соңғы технологияларды қолдана отырып ұшқыштарды оқытуды қамтамасыз ететін толық жабдықталған клиенттік орталыққа дейін жетті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button