Жаңалықтар

Фаризатануға бастайтын мектеп

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту» орталығының ұйымдастыруымен №77 мектеп-гимназияға поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың есімі берілуіне орай республикалық ғылыми-қоғамдық конференция өтті. Шараға ақынның ұлы Алмас Оңғарсынов, немерелері, қоғам қайраткерлері қатысты.

[smartslider3 slider=2915]

Аталмыш білім ошағы ­Фариза ақынның атымен 2022 жылдың 14 наурызынан бері аталып келеді. Шара аясында қонақтар мектеп аумағындағы «Қаһармандар аллеясына» ағаш отырғызып, ақынның атындағы «Фаризатану» музейін тамашалады. Мектеп оқушыларының ақын шығармаларын бірнеше тілде оқуын тыңдады.

№77 мектеп-гимназиясы – таза қазақ тілінде білім беріп қана қоймай, шетел тілдерін тереңдетіп оқытатын оқу орны. Конференция барысында мемлекет және қоғам қайраткері Бірғаным Әйтімова «Фариза Оңғарсынованың сара жолы», Ф.Оңғарсынова атындағы жеке қордың директоры, ақынның сіңлісі Алмагүл Оңғарсынова «Фариза өлеңдерінің тақырыптық ерекшеліктері», №77 мектеп-гимназия директоры Гүлжамал Байменова «Қазақтың өр тұлғалы өжет қыздары (тарихта алтын әріппен аты қалған қазақ қыздары)» тақырыптарында баяндама жасады.

Ақын, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Елена Әбдіхалықова Фариза Оңғарсынованың сөзіне жазылған «Бақыт туралы әнін» орындады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button