Жаңалықтар
Фәтима Жақыпова ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына жаңа ректор тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысының Өкімдерімен:
Фәтима Надырқызы Жақыпова Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды;
Болатбек Серікбайұлы Әбдірәсілов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметінен босатылды», делінген хабарламада.