#Жаңа Қазақстан

Фермерлермен кездесті

«Ауыл» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің ­депутаттығына партия тізімі бойынша кандидат ­Қайрат Айтуғанов, Николай Арсютин, София Әбдіразақова, Светлана Прокопьева, Рабиға Тоқсейітова, Берікжан Қайыпбай Қостанай қаласында фермерлердің ата-анасымен кездесті.

– Мемлекет тарапынан фермерлерге бөлініп жатқан көмектің оларға үлкен машақатпен жететіні баршаға аян. Жаны күйген жас фермер ішкі қыжылын жанындағы жақынына ғана айтады. Мүмкін баласының айта алмай жүргенін ата-анасы айтар. Сондықтан да фермерлердің ата-анасын жинап, мұң-мұқтажға құлақ түріп, жиын өткізіп жатырмыз. «Ауыл» партиясы ауыл проблемасын өте жақсы біледі және оларды шешу бойынша нақты өзіндік көзқарасы бар. Біздің саяси платформамызда жалпы ауыл аумақ­тарын және әрбір елді мекенді дамытуға маңызды рөл берілген. «Ауыл» партиясы Мәжіліске барғанда осы ұстанымды одан әрі қорғап, қолдағы бар ықпал ету тетігі мен ресурсты пайдалана отырып, бағдарламалық құжаттарын іске асыратын болады. Біз үшін ауыл әрқашан басымдық пен құрметке ие, – деді Қайрат Айтуғанов.

ҚР Парламенті Мәжілісіне және «Ауыл» партиясынан барлық деңгейдегі мәслихаттарға кандидаттар Қостанай ауданы Заречное ауылында орналасқан «Қазақ тұлпары» ЖШС жылқы зауытына, одан кейін «Заречное» ауыл шаруа­шылығы тәжірибе станциясы» ЖШС ғылыми-өндірістік мекемеге барып, жылқы тұқымын дамыту мәселесін анықтау және шешу тақырыбында, сондай-ақ машина-трактор паркінің көктемгі егіс жұмысына дайындық барысын талқылады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button