Ел тынысы
Финляндияда Астана қаласының Мәдениет күндері өтті
Финляндияның астанасы Хельсинкиде өткен Астана қаласының Мәдениет күндері өнердің шекараларды жойып, халықтарды жақындастыра алатынының жарқын үлгісіне айналды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
-Бүгін әйгілі «Musiikkitalo» концерт залында қазақ мәдениетінің үздік туындылары шырқалды. Фин көрермендеріне ерекше сый ретінде «Қорқыт» этно-ансамблі атақты фин әуені «Levan Polkka»-ны орындап, оны жаңа қырынан танытып, екі халықтың музыкалық дәстүрлерін үйлестірді.
«The Voice of the Great Steppe» концерттік бағдарламасы достықтың музыкалық көпірін бейнелеп, Қазақстан мен Финляндия арасындағы мәдени байланысты нығайтудағы маңызды қадамдардың бірі болды. 1992 жылы дипломатиялық қарым-қатынас орнағаннан бері екі ел сауда-экономикалық, білім беру және мәдениет салаларында табысты ынтымақтастық жасап келеді, – деді өз жазбасында Астана қалалық мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов.