Ел тынысы

Финляндиядағы турнирде елордалық гимнасттар қола жүлдеге ие болды

Елордалық гимнасттар Финляндиядағы эстетикалық топтық гимнастикадан халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Өткен демалыс күндері Финляндияда эстетикалық топтық гимнастика бойынша жарыстар өтті. Астаналық Alan-Junior командасы «Espoo AGG Cup» халықаралық турнирінде жасөспірімдер арасында қола жүлдегер атанды. Бірінші және екінші орындарды финляндиялықтар иеленді. Жарысқа 12 елден 55 команда қатысты.

Әлем кубогында Alan-Junior командасы үздік бестікке енді.

Оның құрамында Айша Мұхитбекова, Рауана Альбекова, Варвара Кондратенко, Дарина Нақып, Ислана Русланқызы, Әлнұр Болатбек, Лилия Юн,Софья Юн және Адина Орынбай бар. Ал жаттықтырушы Аяулым Ақмурзина болды.

Бұл гимнастар жаңа бағдарламамен өнер көрсеткен осы маусымдағы алғашқы халықаралық жарыстар.

Қазір біздің спортшылар қазан айында Гонконгта өтетін Азия чемпионатына дайындалып жатыр.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button