Әлеумет

FIRST чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

Елордалық Skillset командасы FIRST (For Inspiration and Recognition of Science and Technology) халықаралық чемпионатында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлады astana-akshamy.kz

Бүгін олар Америка Құрама Штаттарынан елге оралды. Чемпионатқа 110 елден 50 мыңнан астам жас талант жиналған.

Астана қаласы Білім басқармасының баспасөз хатшысы Аяжан Амантайқызы суасты әлемін зерттеу мен қорғауға арналған чемпионат жас инженерлер мен өнертапқыштарды инновациялық шешімдер жасау жолында ерекше сенімділік беретінін айтты.

Ол FIRST (For Inspiration and Recognition of Science and Technology) бағдарламасына қатысу оқушыларға STEM-ғылымдар (ғылым, технология, инженерия және математика) әлеміне есік ашып, сыни ойлауды, техникалық дағдыларды, көшбасшылық қасиеттерді және командада жұмыс істеу қабілетін дамытуға ықпал етеді деп отыр. Осындай ауқымды чемпионатта күміс медаль алу – бұл балалардың талантына берілген лайықты баға ғана емес, сонымен қатар олардың ғылым мен технология саласындағы болашақ көшбасшылар ретінде қалыптасуындағы маңызды қадам екенін айтады.

«Бұл – әлемдік дейгейде оқушылар арасында ұйымдастырылып отырған ауқымды чемпионат. Еліміздің атынан барып қатысқан балалардың әлемді мойындатып жатқаны – үлкен жетістік әрі мақтаныш. Бұл – еліміздің білім мен ғылым саласындағы әлеуетінің артып келе жатқанын көрсететін жарқын дәлел. Осындай жеңістер жас ұрпаққа сенім мен шабыт сыйлайды», – деді Астана қаласы Білім басқармасының баспасөз хатшысы Аяжан Амантайқызы.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button