Ел тынысы

Фитнес-клубқа абонемент иегерлері анықталды

Астанада экоакцияға қатысушылар арасында елорда әкімдігі ұйымдастырған байқаудың жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

62 жастағы жарыстан видеосы интернетте тараған марафоншы. зейнеткер Елеусіз Пардабай мен 25 жастағы Оразбай Хабибулла және колледж студенті Эргаш Бексұлтан фитнес-клубқа абонемент иесі атанды.

Естеріңізге сала кетейік, экоакцияға қатысушылар арасында фитнес-клубқа үш абонементке конкурс өткізілді. Байқауға кез келген адам қатысуға мүмкіндік алды. Бейне жазбаны кез келген жерде, соның ішінде аула тазалау кезінде де түсіруге мүмкіндік берілді. Байқауды өткізуге көмектескені үшін «Fitnation» фитнес-клубына алғысымызды білдіреміз.

Астана әкімдігі елорданың барлық тұрғындары мен қонақтарын «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экологиялық айлыққа қатысуға шақырады. Осы апта «Өнегелі ұрпақ» деп аталады. Ардагерлер аулалары мен қарттар үйлерінің аумақтарын тазалауға және абаттандыруға арналады.

Ауқымды экоакция шеңберінде қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық кәріз желілері, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ жасыл желектерді күтіп-баптау және отырғызу, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарларды орнату, рұқсат етілмеген полигондарды жою және т. б. жұмыстар жүргізілуде.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button