ЖаңалықтарЭкономика

Форум тақырыбы – өңірлік экономика

Астана қаласында бір­қатар елдің сарап­шы­ларының қатысуымен Орталық Азия өңіріндегі ынтымақтастықты дамытуға арналған форум өтіп жатыр. Оған әлемнің 10 елінен келген сараптамалық орталықтар мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының өкілдері қатысуда. 

Әлемдік деңгейдегі экономистер, ғалымдар, көлік, сауда және энергетика салаларындағы сарапшылар секілді 100-ге тарта маманның басын қосқан бұл форумның негізгі мақсаты – ынтымақтастық перспективаларын талқылау, барша өңірде сараптамалық орталықтар желісін дамыту, сондай-ақ, Орталық Азия өңірлік эко­номикалық ынты­мақ­тас­тығын ақпарат­тан­дыру үшін тиісті орталықты құру. Жиынға қа­тысушылар Орталық Азияның экономи­калық болашағы, өңір­дегі ин­фра­құрылымдық байланыс мәселесі және Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақ­тастығына мүше мемлекеттер арасында білім және тәжірибе алмасу желісін құру қажеттігі мен мүмкіндігі секілді үш ба­ғытта пікір алмасты.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button