Басты ақпаратМәдениет

ФОТОНЫСАНДА – БІЗДІҢ АСТАНА

Елордада «Жаңа мыңжылдықтың жаңа Астанасы» атты көрме өтті. «Астана – түркі мәдениетінің  астанасы – 2012» жылы аясында өткен шараның ұйымдастырушылары – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Қазақстан халқының рухани даму қоры» АҚ.

«Керуен» сауда және ойын-сауық орталығындағы «Ару Арт» галереясына Қазақстан, Әзербайжан, Түркия, Башқұртстан, Солтүстік Кипр, Гагаузия (Молдова), Хакасия және Татарстаннан жиналған 25 фотосуретшінің туындысы қойылды. Астананы сан қырынан бейнелеген фотосуретшілер өздерінің тәжірибе өресінде өзгеше туынды жасауға ұмтылғандарын байқатты.

Суретшілерді марапаттау салтанатында Мәдениет комитетінің төрағасы Тілеуғали Қышқашбаев барлық қатысушыларға министрліктің алғыс хатын табыстап, «Көрмеде Астананың заманауи қалпы мен дамуы, сонымен қатар қаланың халықаралық іскер және мәдени орталық ретінде қалыптасу үрдісі фототуындылар арқылы көрсетілді» деген лебізін білдірді.

«Бұл жобаға қатысқаныма өте қуаныштымын. Бұл елордамыздың түркі тілдес елдердің астанасы жылы аясындағы көп шараның бірі ғана. Дегенмен, фотосуретшілер үшін бас қосып, тәжірибе алмасуға, ортақ жоба шеңберінде бір-бірімізді біле түсуімізге зор мүмкіндік берілді. Бауырлас елдерден келген әріптестеріммен бірлесе жұмыс жасаған маған қызық, әрі пайдалы болды» дейді астаналық фотосуретші Армат Бектас.

Шынар ӘБІЛДА

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button