Uncategorized

Франкфуртте қазақстандық авторлардың 250-ден астам кітабы таныстырылды

Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse-2024» Франкфурт кітап жәрмеңкесі өтуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Шараға 95 елден мыңнан астам автор қатысуда. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен қазақстандық баспагерлер үшін арнайы стенд ұйымдастырылып, 250-ден астам кітап ұсынылды.

Халықаралық жәрмеңкеге қоғам қайраткерлері, отандық баспагерлер, аудармашыларды қоса алғанда 30-дан астам отандық өкіл, сондай-ақ «Мектеп», «Алматыкітап», «Атамұра», «ARMAN-PV», «Steppe & World Publishing», «ASTANA-KITAP» сынды ірі баспалар қатысуда.

«Қазақстанның Frankfurter Buchmesse-2024 кітап жәрмеңкесіне қатысуы – еліміз үшін маңызды тарихи оқиға. Бұл халықаралық платформа бізге мәдени мұрамызды таныстырып, қазақстандық авторлар мен баспагерлерді әлемдік деңгейде көрсетуге мүмкіндік береді. Жәрмеңке аясында тек отандық басылымдарды таныстырып қана қоймай, болашақта стратегиялық байланыстар орнату үшін маңызды кездесулер мен келіссөздер өткізуді жоспарладық. Бұл бастама біздің кітап нарығының дамуына, оның жаңа деңгейге шығуына және авторлардың шығармаларын әлем бойынша таратуға бірегей мүмкіндік береді», — деді Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Архивтер, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Али.

Frankfurter Buchmesse аясында көрмеден бөлек семинарлар, дөңгелек үстелдер, концерттер және басқа да мәдени іс-шаралар өткізіледі.

Айта кетейік, Frankfurter Buchmesse жыл сайын өткізілетін дүниежүзілік ең ірі жәрмеңке саналады. Биыл жәрмеңке 16-20 қазан аралығында өтеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button