Елорда тынысы

«FunnyStep» қызықты би баттлдары өтті

Астанадағы Триатлон саябағында Funny Sport спорттық іс-шаралар марафоны аясында «FunnyStep» қызықты би баттлдары өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бұл іс-шаралар түрлі стильдегі дарынды бишілердің басын қосатын және әр қатысушыға өзінің ерекше шеберлігін көрсетуге мүмкіндік беретін нағыз би мерекесі болды.

Баттлға тіркелу 14:00-де басталды, ал би жарыстары 15:00-ден 17:00-ге дейін ALL STYLES AMATEUR пен ALL STYLES OPEN бағыттарында өтті. Баттлдардың жеңімпаздары мен финалистері 100 мың теңгеге дейін ақшалай сыйлықтарға ие болды.

Баттлдардың бас төрешілері ретінде би сахнасының танымал шеберлері Николай Черников aka Killa Kolya және Асхат Төлегенов болды. Оларға Нидерландтан келген арнайы қонақ Precious қосылған.

Бұл іс-шара салауатты және белсенді қоғамды қалыптастыру жолында маңызды қадам болды. Оны Green Case Group креативті компаниясы Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен, сондай-ақ Domdance.kz би студиясының қатысуымен ұйымдастырды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button