Жаңалықтар

ФУТБОЛ АЛАМАНЫ БАСТАЛАДЫ

Еліміздің жаңа футбол маусымы 8 наурызда ашылады. Бұл күні  ел чемпионы  «Астана» мен Қазақстан кубогының жеңімпазы «Қайрат»  командалары Суперкубок үшін сынға түседі.

Ал Қазақстан чемпионатының бірінші туры 12 наурызда басталады. Елордалық жанкүйерлер бұл күні «Астана» – «Шахтер» ойынын тамашалайды.

«Астана» командасы үшін биылғы маусым да өте маңызды болмақ. Өткен жылы УЕФА-ның Чемпиондар лигасының топтық турнирінде өнер көрсеткен елордалық клуб биыл да осы мәртебелі жарыста Қазақстан намысын қорғайды. Сонымен қатар ел чемпионы атағын сақтап қалуға және Қазақстан кубогы үшін сынға түсетін болады.

Қазақстан чемпионатына қатысатын командалар
(премьер-лига)

«Астана», «Қайрат» (Алматы), «Ақтөбе», «Ертіс» (Павлодар), «Ордабасы» (Шымкент), «Атырау», «Тобыл» (Қостанай), «Оқжетпес» (Көкшетау), «Тараз», «Шахтер» (Қарағанды), «Жетісу» (Талдықорған), «Ақжайық» (Орал)

«Астана» командасының бірінші айналымдағы ойын кестесі

1. «Астана» – 12 наурыз «Шахтер
2. «Ордабасы» – 20 наурыз «Астана»
3. «Астана» – 2 сәуір «Ақтөбе»
4. «Астана» – 9 сәуір «Тараз»
5. «Жетісу» – 13 сәуір «Астана»
6. «Астана» – 17 сәуір «Тобыл»
7. «Ертіс» – 23 сәуір «Астана»
8. «Астана» – 1 мамыр «Қайрат»
9. «Оқжетпес» – 5 мамыр «Астана»
10. «Астана» – 10 мамыр «Ақжайық»
11. «Атырау» – 15 мамыр «Астана»

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button