Sport

ФУТБОЛ – МИЛЛИОНДАР ОЙЫНЫ

b1f36a10

Өткен жексенбіде елордада футбол күні аталып өтілді. Астана қаласы әкімдігі мен қалалық футбол федерациясы ұйымдастырған шараға ардагер футболшылар, жасөспірімдер мен балалар қатысты.

Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионға жиналған футбол сүйер қауым елорда атынан Қазақстан чемпионатының премьер лигасында өнер көрсететін «Астана» және бірінші лига біріншілігіне қатысатын «Бәйтерек» командалары өкілдерімен кездесті. Футбол мерекесіне арналған шара барысында жанкүйерлер Астана қаласы біріншілігінің жеңімпазы – «Прогресс» пен Қарағанды облысының чемпионы» «Гефест» командалары арасындағы жолдастық матчты тамашалады. Балалар мен жасөспірімдер командалары үшін де сайыстар ұйымдастырылды.
Бүгінгі таңда Астанада футболды дамытуға айрықша маңыз беріліп отыр. Атап айтқанда, «Астана» және «Бәйтерек» клубтарында жас футболшыларды даярлау орталықтары іске қосылған. Жалпы, қала бойынша 10 футбол құрамасы жұмыс жүргізеді. Шағын футболмен айналысушылар саны да артып келеді. Жабық алаңдарда ойнайтын командаларды есепке алғанда қала бойынша 90-ға жуық кәсіби емес командалар бар. Биыл елордада тағы бір балалар футбол орталығы ашылды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button