Мәдениет

«Гауһартас» тағы да жүлделі болды



Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрының «Гауһартас» қойылымы «Qazaqstan Ticketon Awards – 2024» сыйлығын иеленді.

Нақтырақ айтқанда, аталған қойылым Қазақстандағы өнер, мәдениет және спорт саласындағы үздіктердің «Ticketon Awards – 2024» сыйлығының жеңімпаздары қатарынан табылды. Мемлекеттік театрлар арасында Д.Исабековтің «Гау­һартас» музыкалық драмасы (режиссері А.Маемиров) Тикетон бойынша «Жылдың үздік спектаклі» атанды.

Бұл жүлде – отандық театрлар арасында бір жыл ішінде 200-ден астам рекордтық көрсетілім жасап, көрермен көзайымына айналған, еліміздің 13 қаласында аншлагпен өтіп жатқан Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры репертуарындағы «Гауһартас» музыкалық драмасының бір жыл ішіндегі алып жатқан төртінші марапаты.

«Ticketon Awards – 2024» – кино, мәдениет және спорт саласындағы үздіктерді анықтайтын еліміздегі жетінші сыйлық. Оған қатысатын үміткерлер арасынан мықтыларды көрермен арнайы сайтта онлайн дауыс беру арқылы анықтайды. Қазақ театр сүйер қауымының көзайымына айналған қойылымның жүлдесін алуға Алматыдағы марапаттау жиынына белгілі театр және кино актері, «Дарын» сыйлығының иегері Аян Төлепберген барып, қатысты. Ол «Гауһартаста» басты кейіпкер, Салтанаттың жары Тастанның рөлін сомдайды.

Анель АМАНГЕЛДИЕВА,

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті

 

 

 

 


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button