Мәдениет

«Гауһартасқа» – ыстық ықылас

Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрының көрермендердің қызығушылығын тудырып, елорданың ғана емес, елдің өнер кеңістігінде үлкен жаңалық болған «Гауһартас» музыкалық драмасының сахналанғанына бір жыл толды. Осыған орай халықтың көзайымына айналған қойылым 165-рет ұсынылды.

Музыкалық драманың авторы – көрнекті жазушы-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабеков, қоюшы режиссері және сахналық нұсқасын жасаған – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров. Спектакльдің әр қойылымы аншлагпен өтіп, бүгінге дейін 68 мыңға жуық көрермен тамашалады. Осы күнге дейін спектакльге елдің қызығушылығы азаймай отыр. Былтыр қойылым Ақтау, Атырау, Орал, Талдықорған, Алматы, Тараз, Шымкент, Түркістан қалаларының театр­ларында көрсетілсе, биыл да еліміздің өзге өңірлеріне гастрольдік сапар жоспарланып отыр.

Өткен жылы «Гауһартас» музыкалық драмасы «UMAI-2023» ұлттық сыйлығының «Театр өнері» аталымы бо­йынша «Үздік спектакль» атанды. Сондай-ақ аталған музыкалық драмада Салтанат­тың рөлін сомдағаны үшін театр актрисасы Инабат ­Ри­забекова республикалық «Сыншылар жүлдесі – 2023» марапаттау кешінде «Жыл актрисасы-2023» аталымында топ жарды.

«Гауһартас» музыкалық драмасындағы халық әні «Құдаша» әні осы әнге қойыл­ған би санаулы сағатта әлеуметтік желілерде миллионнан аса қаралым жинап, жастар арасында трендке айналды. Тіпті, Қытай еліндегі жастардың бейнежазбасы да кеңінен тарады.

Тағыда

Райхан Рахметова

«Астана ақшамы» газетінің шолушысы

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button