Қала мен Сала

Газ құбырлары қалпына келтірілді

«Көктал-1» тұрғын алабында газ құбырын ­қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр. Қазір 153 абонентке газ беру қалпына келтірілді.

Бұл абоненттерге, атап айтсақ, «Көктал-1» тұрғын алабындағы Ақан сері, Қараменде би Шақаұлы, Сұлутал, Сүйінбай ақын, Айдархан Тұрлыбаев көшелерінің тұрғындарына №15 және №16 ЖПШ қызмет көрсетеді. 75 абонентті газбен қамтамасыз ететін үшінші ЖПШ бойынша бу қондырғысы бар арнайы көлікпен жылыту жұмысы ұйымдастырылды.

«Көктал-1» тұрғын алабы абоненттерінің бір бөлігіне газ беру 28 қарашада сағат 18:40-та «Газовик» ЖШС инжинирингтік компаниясының келісілмеген жер жұмыстарын жүргізуіне байланысты орташа қысымды газ құбыры зақымданғаннан кейін тоқтатылды.

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ апаттық бригадасы дереу сол жерге шығып, қалпына келтіру жұмысына кірісті.

Бүгінде Сарыарқа ауданы әкімдігінің аппаратында штаб құрылды. Аудан әкімдігі көмір тасымалдауды ұйымдастырды. Қазіргі уақытта абоненттердің бір бөлігі газға қайта қосылған.

Қала тұрғындарына «Қаз­ТрансГазАймақ» АҚ мекемесінің жедел байланыс нөмірлерін оқырмандар назарына ұсынуды жөн көрдік. Қандай да апатты жағдай туындағанда, осы телефондарға қоңырау шалсаңыз болады: +7 (7172) 55-89-75, +7 (7172) 55-63-36, +7 (7172) 55-63-35, +7 (7172) 55-63-31, +7 (7172) 55-63-34, +7 (7172) 55-63-33.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button