ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Газдандыру жұмыстары жалғасуда

Елордада газдандыру жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта Алматы және Сарыарқа аудандарында 645 км газ тарату желілері салынды.

[smartslider3 slider=625]

«Көктал-1», «Көктал-2», «Железнодорожный» тұрғын алаптарының, 150 мыңнан астам адам тұратын «Агроқалашықтың» бір бөлігінің тұрғындарында жылыту маусымына қосылу мүмкіндігі өткен жылдан бастап пайда болды.
Осы күзде «Оңтүстік-Шығыс», «Промышленный», «Агроқалашық» (қосылмаған бөлігі) елді мекендері тұрғындары газға қосылу мүмкіндігін алады. Сондай-ақ «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ «Күйгенжар», «Мичурин», «Интернациональный» елді мекендерінде газбен жабдықтау желілерінің құрылысын жүргізуде. Оларды жыл соңына дейін газбен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Газдандыру барысы – Мемлекет басшысының бақылауында. Осы бағытта жылу-электр орталықтарын жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде: ағымдағы жылдың соңына дейін қалған су жылыту қазандықтары газға ауыс­тырылады. 3-ЖЭО бойынша жобаға түзету енгізілді. Құрылыс-монтаждау жұмыстары, соның ішінде су жылыту қазандығы да қайта жаңғыртылды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button