Мәдениет

Газет деген жан азығы ғой..

«Қазпошта» акционерлік қоғамының «Астана поштамты» елордалық филиалы «Баспасөзге жазылушылар күні» іс-шарасын өткізді.

[smartslider3 slider=1202]

Жыл сайын Халықаралық пошта күніне орай ұйымдас­тырылатын іс-шараға газет-журнал өкілдері қатысып оқырмандарға алғыстарын жеткізіп, тілектерін білдірді. Оқырмандар баспасөз жетекшілерімен, сондай-ақ журналистермен тікелей тілдесіп, өз ойларымен бөлісті. Ал елордалық пошта қызметкерлері оқырмандар үшін викториналық ойын өткізіп, келушілердің көңілін көтерді.

«Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана», «Айқын», «Литер», «Караван», «Төртінші билік» және басқа да газет-журнал өкілдері өз басылымдарына жазылған оқырмандарына өз сый-сияпаттарын ұсынып, алғыстарын білдірді.

Сондай оқырманның бірі Боранбай Байбатыров «Астана ақшамы» газеті жайлы ойын ортаға салды.

«Бұл газет деген, біле білгенге, жан азығы ғой. Өзіме ұнайтын газеттің бірі – «Астана ақшамы» газеті. Бұл басылымда тек қана елордамыздың тыныс-тіршілігі жазылып қоймай, елдік, ұлттық мәселелер жиі көтеріледі. Әсіресе, «Ұлт ұпайы», «Мәселе», «Сараптама» айдарларымен берілетін мақалалар оқырманның көңілінен шығатыны сөзсіз. Алдағы уақытта да газеттің шығармашылығы арта түсуіне тілектеспін» дейді ризашылық сезімін білдірген Бауыржан Қайыржанұлы.

Құрметті оқырман, мерзімді басылымға жазылуға санаулы ғана күндер қалды. Алдағы жылы сүйікті газетіңізбен бірге болғыңыз келсе, тезірек жазылып қойы­ңыздар демекпіз.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button