Руханият

Газет сөзіне сенеміз

«Астана ақшамы» – халыққа, елге қуаныш әкелетін, жұртты ойландыратын газет. Қазір бұл басылым астаналық әр отбасының туысы сияқты болып кетті. Басылымға жазылған әр шаңырақ газеттің жаңа нөмерін асыға күтеді деп ойлаймын.

Электронды ақпарат құралдарын оқыған бір басқа да, ал қолға ұстап оқыған дүниеге ештеңе жетпейді. Газет – нағыз шындықтың айнасы. Газетте жарияланған материалға сенесіз, көңіліңіз оған тоғаяды. Әлеуметтік желіні ақпараттар тасқыны басып кетті. Оның қайсысы өтірік, қайсысы шын айырып болмайсың. Осы тұрғыда «Астана ақшамының» оқырманға берері көп. Осы басылымда қарапайым адамдардан бастап өнер адамдарының, жазушылардың жеке портреттері, тарих туралы, аңыз әңгімелері жиі жарияланып тұрады. Газет тілшілері халықты толғандырып жүрген мәселелерін дөп басып, оқырманның сусынын қандырады. Бірақ өмірдің көлеңкелі жақтарын көп жаза бермей, қуанышты хабарларды жеткізе берсе деген тілегім бар.
Жеке басыма келсем, мені жұртқа танытқан – газет. Бала кезімде «Орталық Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттері арқылы «Бала Біржан» болып танылдым. «Астана ақшамы» газетінде де мен туралы біраз жазылды. Төрт-бес жыл бұрын Азамат Есенжол деген жігіт келіп, сұхбат алды. Биыл жетпіс жасқа толғанымда астаналық басылым көлемді мақаланы жариялады. Сол үшін газет ұжымына шын жүрегімнен алғыс айтамын.
Отыз жылдық мерейтойларыңыз құтты болсын! Отыз жас – бір азаматтың жасы, оқырмандарыңыз артып, жазар көбейсін! Халықтың ойынан, көкейінен шыға берулеріңізге тілектеспін! Той тойға ұлассын!

Қайрат
БАЙБОСЫНОВ,
Қазақстанның
халық әртісі,
Мемлекеттік
сыйлықтың лауреаты

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button