Ел тынысы

Газға көшкен қаржы үнемдейді

Биылғы жылу беру маусымында елордадағы тубдиспансер, 6 балабақша, 7 мектеп, №1 арнайы мектеп-интернат, «Шарапат» арнайы қызмет көрсету орталығы, бір колледж газға қосылады. Қазіргі кезде бұл нысандарда арнайы жөндеу жұмысы жүріп жатыр.

[smartslider3 slider=3687]

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Ол әлеуметтік нысандардың газға ауысуы қаржыны 3,5 есе үнемдеуге мүмкіндік беретінін айтады.

«Салыстырмалы түрде, өткен жылы аталмыш 16 нысанды дизель отынымен қамту үшін 1 млрд 400 млн теңге қажет болса, газға қосылғаннан кейін шығын тек 440 млн теңгені құрайды. Газдандырудың өзін-өзі ақтауы шамамен 2 жылда толығымен өтеледі. Алдағы уақытта мәслихаттың кезекті отырысында өзге әлеуметтік нысандарды газға қосу мәселесін қарастырамыз» деді Е.Каналимов.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button