Жаңалықтар

Газға қосылғандар көбейді

Елорда әкімдігі «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-мен бірлесіп «Агроқалашықтың» қалған бөлігін және Оңтүстік-Шығыс елді мекенінің оң жағын газға қосты.

[smartslider3 slider=1102]

Бүгінгі таңда қаланың Қазақауыл, Ақбидай шағын аудандарында, сондай-ақ Потанин көшесінің ескі бөлігінде көгілдір отынды іске қосу жұмыстары жүріп жатыр. Осыған дейін газға Көктал-1, Көктал-2, Теміржолшылар, Промышленный, Агроқалашық, Оңтүстік-Шығыс елді мекендері, сондай-ақ ЖЭО-1 мен ЖЭО-2 екі жылу электр орталығы қосылды. 650 км кварталішілік газбен жабдықтау желілері салынды. Қазір елорданың 11 мың үйі газға қосыла алады. Газбен жабдықтаудың ішкі желілерін дайындаған тұтынушылар «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ға өтініммен жүгінуі қажет. Жыл соңына дейін «Күйгенжар», «Мичурин», «Интернациональный» елді мекендері газбен қамтамасыз етіледі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button