Жаңалықтар

Геннадий Головкинге арналған марка шығарылды

«Қазпошта» АҚ қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге арналған  бес маркадан тұратын пошталық топтаманың айналымға енгізілгені туралы хабарлайды.

006

Әлемдегі ең атақты боксшылардың бірі пошталық маркаға шығарылды. «Спорт» сериясының «Қазақстан чемпиондары. Геннадий Головкин» тақырыбындағы бес маркадан тұратын пошталық топтама 4 бояудан тұратын офсеттік баспамен орындалған. Суретшісі К.Плужникова, топтамада бояуларды қорғайтын УФ – бекіту элементтері пайдаланылған. Топтаманың өлшемі – 130х111 мм. Топтамадағы маркалардың өлшемдері –  52 х 37 мм, 26 х 37 мм, 26 х 37 мм, 26 х 34 мм, 26 х 34 мм.Пошталық маркалар «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорында басып шығарылған.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button