Руханият

ГЕРАЛЬДИКА – ЕЛДІК ТАРИХ

Мемлекеттік рәміздерін құрмет тұтатын халқы бар ел – бақытты ел. Себебі, өз елі­нің құндылықтарына бейжай қарай алмайтын мемлекет бір­лігі мен татулығына да сына түсірмейді. Сондықтан қай кезде де мемлекеттік рәміздерді
насихаттау, олардың қолда­нылуын қадағалау – қашан да басты назарда.
Әр азамат мемлекеттік бел­гілер – бұл осы рәміздерде жазылған еліміздің тарихы екенін ұғынуы тиіс. Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қараған әр азамат өз ұлтының тарихына, елінің бүгіні мен ертеңіне де сондай құрметпен қарайды.
Мемлекеттік Ту, Әнұран, Елтаңба және мөр арқылы мемлекет өзінің ұлттық-мәдени ерекшелігін, әлемдегі өзінің бағытын, ішкі және сыртқы саяси ұстанымдарын айшықтайды.

100Қазақ тамғалары –
тайпалардың белгілері

Мемлекеттік нышан­дардың тарихы тереңде. Бұлар Қазақ хандығының құрылуымен бірге пайда болды және ХIХ ғасырдың ортасына дейін – Ресейдің үстемдігі орнап, әкімшілік – аумақтық терең өзгерістер (1867–1868, 1886 және 1891 жж.) жүргізілгенге дейін қолданыста болды. Ол кезде қазақ хандығында ортақ бір мөр немесе белгі болмады.
Әрбір хан немесе сұлтанның өзіндік жеке белгісі көрсетілген, оюмен өрнектелген туы мен мөрі болды. Соған қарамастан төрт ғасырға жуық уақыт бойы қазақ хандары мен сұл­тан­дарының мөрі дала мемлекеттілігінің белгісі болып есептелді.
Сол дәуірдегі түрлі құжаттар мен қазақ сұлтандарының бүгінгі ұрпағына дейін жеткен құндылықтарын зерделеген ғалымдар сол кезеңде басқарушы қауымның жеке мөрі металды жүзік түрінде болғанын анықтады. Жүзіктің бетінде арабша жазылған жазу мен белгілі бір бейне суреттелген.

20018 ғасырдың ортасындағы Қазақ хандығының Туы

Дала билеушілерінің куә­ландырушы белгісін зерттеу­шілер 14–15 ғасыр аралығында үлкен шаршы іспеттес тамғаның, сәл кейінірек сақина тектес кіші тамғаның қолданылғанын айтады.

101Абылай ханның мемлекеттік мөрі

Ресей шығыстанушыларының айтуынша, қазақ билеушілерінің мөрлері «шығыс қоласы» («хафт жуш») аталған. Тура мағынасы «жеті металдың қосындысы» дегенді білдіреді. Ол қалайы, күміс, мыс, сүрме сынды көптеген қоспадан жасалған. Металға таңбаның теріс аударылған бейнесі және ою-өрнек салынған. Сондықтан мөр жасаушы шеберлердің көбі солақай болған. Тамшы тектес үлкен өлшемді, сол немесе оң қолдың үлкен саусағына киілетін жүзіктерді Қазақстанның өз аумағындағы ғана емес, көрші елдегі шеберлер де жасап шы­ғарған.

Соңғыларының жүзіктерінде көркемдеуші белгілер болмаған. Олардың түрі негізінен төрт­бұрышты, шаршы тектес немесе шар тәрізді нұсқада жасалды. Жазуы да біркелкі болды.

Екатерина ЕЛШОНКОВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button