Жаңалықтар

Германиядан жеткен сыйлық

Кеше Наурыз мерекесіне орай Астанадағы №1 мамандандырылған балалар емханасына тіркелген балдырғандар тосын сыйлыққа ие болды. Бұл тартуды оларға Германияда тұратын құрбылары беріп жіберіпті. 

Неміс балалары жыл сайын арнайы сыйлықтар әзір­леп, оны әлемнің әр түкпірінде тұратын мүмкіндігі шек­­теулі балдырғандарға беріп жібереді екен. Осы жо­­­лы бұл тосын сый емхананың диспансерлік есебінде тұрған 15 бүлдіршінге бұйырды.

Балалардың қуанышы мұнымен ғана шектелген жоқ. Емхана ұжымы оларға Наурыз мерекесін де ұйым­­дастырып берді. Балдырғандар музыка ырғағымен би билеп, әдемі әндердің әуеніне бөленді.

Жұртшылықты №1 қалалық емхананың бас дә­­рі­­­гері Күлжан Анасова және балаларға арналған ма­­ман­­дан­­ды­­рылған емхананың меңгерушісі Галина Мун құт­­тықтап, жү­­рекжарды лебізін білдірді.

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында балалар психолог-ма­­ман­­мен бірлесіп, жеті түрлі дәннен әртүрлі заттардың су­­ретін салды.

Еркежан СӘТІМБЕК

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button