Қоғам
Ғарышкер Айдын Айымбетовпен кездесу өтеді

Астанада «Байқоңыр» ғарыш айлағының 70 жылдығына орай жастардың қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовпен кездесуі өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
2025 жылғы 2 сәуірде сағат 15:00-де ҚР ПІБ Президенттік орталығында отандық жоғары оқу орындарының студенттерінің Қазақстан Республикасының авиация генерал-майоры, «Қазақстанның Халық Қаһарманы», «Бәйтерек» БК» АҚ басқарма төрағасы Айдын Айымбетовпен ашық кездесуі өтеді. Іс-шара Байқоңыр ғарыш айлағының 70 жылдығы мен Ғарышкерлік және азаматтық авиацияның халықаралық күніне арналады.
Кездесуге сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының «Роскосмос» мемлекеттік ғарыш қызметі корпорациясының өкілі Геннадий Саенко да қатысады.