Елорда тынысы

Ғарышқа жол ашқан

Бүгін, 12 сәуір – ғарышкерлер күні. 1961 жылы 12 сәуірде Қазақстанның Байқоңыр аймағынан тұңғыш космос кораблі ғарышқа аттанған еді.

[smartslider3 slider=2665]

Кеше осы атаулы күнге және тұңғыш қазақ ғарышкерінің аспан әлеміне қадам басқанының 31 жыл толуына орай ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриот­тық орталығында «Жас сарбаз» қозғалысының ұйымдастыруымен «Кітапқа жазылмаған тарих: Ғарышқа жол» деген атпен тұңғыш қазақстандық ғарышкер,  Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіровтің қатысуымен ерлік сабағы өтті. Еске алсақ, Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы ғарышқа ұшып, 7 тәулік, 22 сағат, 40 секунд ғарыш кеңістігінде болған. Мерекелік шараға Нұр-Сұлтан қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшілері мен отбасы мүшелері, жастар мен мектеп оқушылары қатысты. «Жас сарбаз» тәрбиеленушілерінің отаншылық рухын көтеріп, еліне деген сүйіспеншілігі мен сезімін қалыптастыратын тәлім мен тағылымға толы бұл шарада балалар ғарышкердің әсерлі әңгімелері мен ғибратты кеңесін тыңдады әрі өздері қызыққан мәселелер төңірегінде сұрақтар қойды.

– Біздің мұғалімдер балаларды тек оқулықтарға ғана сүйеніп тәрбиелеуге болмайтынын түсінуі керек. Кітап оқыған әрине, жақсы, бірақ бала жанды мысалмен кездескенде, ол жақсы есте қалады, тез қабылдайды. Баланы дұрыс тарбиелеу үшін осы мәселеге баса назар аудару керек. Балалар да жақсы оқуы шарт, тек қоңыраудан қоңырауға дейін отыру міндет емес, – деді ғарышкер.

Кездесу соңында «Ғарышқа жол» көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Көрмеде Қазақстанның ғарыш тарихынан сыр шертетін суреттер, көркем шығармалар орын алды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button