Әлеумет

Ғашықтар күнiн тойлайық!

15 сәуiр – ғашықтар күнi. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу күнi» деп аталатын бұл мереке елiмiзде соңғы он жылдан берi бейресми түрде тойланып келедi. Бұл күндi Астана жастары да жатсынған жоқ.

Биыл ғашықтар күнi елордамызда ерекше ықыласпен аталып өтпек. Оған С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетi мұрындық болғалы отыр.
14 сәуiр күнi кешкi сағат 20.00-де аталған университет ғимаратының алдындағы саябақта «Ақсүйек» ойыны өтедi. Он-лайн жүйесi арқылы iс-шарадан аймақтарға шұғыл хабар таратылып отырады.
«Ақсүйек» – қазақтың ұлттық ойыны. Бiрiн-бiрi сағынысқан ғашықтар осы ойын барысында қауышатын болады.
Ұлттық дәстүрге сәйкес, Аграрлық университет алаңында өтетiн «Ақсүйек» ойынынан кейiн де ғашықтар бiр-бiрiне сөз айтысып, махаббат күйiн ойнатады. Ал оқу ордасында қызмет етiп жүрiп, бас қосып, шаңырақ көтерген ерлi-зайыптылар өз өмiр жолдарынан сыр шертiп, жастарға өнегелi әңгiмесiн айтады.
«Ақсүйекке» елордамыздағы барлық жоғары оқу орындарынан келген 55 жұп қатысады деп күтiлуде. Бұл күнi сүйiспеншiлiк, махаббат үстемдiк ететiн болады.
Сезiмнен шуақ шашар шаттық кешiнен Сiз де құр қалмағайсыз!

Нәзира САЙЛАУҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button